Айлығым азайып қалды, 1 млн 500 мың ғана аламын – Медициналық сақтандыру қорының басшысы

690

0

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Болат Төкежанов өзінің еңбекақы мөлшерін айтты.

Менің айлығым айына 1 миллион 500 мың теңгені құрайды. Маған дейін істеген төрағалармен салыстырсақ, қаржыландыру көлемі 2019 жылдан бері екі есе ұлғайды – 1,8 трлн теңге. Ал бірақ еңбекақым ол кісілерге қарағанда 20 пайызға төмендеген болатын, – дейді Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол сонымен қатар 2021 жылға арналған сатып алу жоспарына сәйкес халыққа бюджеттік медициналық көмек 1,8 трлн теңге, оның ішінде кепілдендірілген медициналық көмек көлемі 1,1 трлн теңге көлемінде қарастырылғанын айтты. 

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтер – 700 миллиард теңге. Биыл біз сақтандыру қаражатының түсімін 150 миллиард теңгеге арттырамыз. Бұл ақшамен қамтамасыз ету үшін не маңызды? Науқас медициналық сақтандыру қорымен қай жерде орналасқандығына және меншіктің қандай түріне қарамастан келісімшарт жасасқан кез келген клиникада жоғары сапалы медициналық көмек алуы керек, – дейді Болат Төкежанов.

BAQ.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<