«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы

9

0

Ауылдық елді мекендердің әлеу­меттік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұр­ғындарының әлеуметтік, тұр­мыс­тық әл-ауқатын жақсарту мақ­­са­тында 2019 жылдан бастау ал­ған «Ауыл – ел бесігі» жобасы ая­­сында 7 жыл ішінде (2019-2025 жж.) облыстың 79 ауылдық елді ме­ке­­нін­де құны 58,3 млрд теңгеден аса­тын 515 жоба жүзеге асырылды.

Нәтижесінде 2 мектептің жап­саржай құрылысы, 7 ауылдық клуб, 14 спорт кешені, 3 ауылдық дәрі­герлік амбулатория құрылысы са­лынды. Сондай-ақ 15 білім нысаны, 5 ауылдық клуб, 10 дәрігерлік амбу­ла­тория және 5 спорт нысаны күр­делі жөндеуден өткізілді.

Осы бағытта 11 ауылдық ел­ді мекеннің электрмен қамту жүйе­сі, 5 ауылдық елді мекеннің ауызсумен қамту жүйесі қайта жаңыр­тылып, 7 ауылдық елді мекен газ­дан­дырылды. Мұнан басқа 42 кө­шені жарықтандыру, 1 ауылдық ел­ді ме­кенге абаттандыру жүргізіліп, 26 әлеуметтік нысанның жылу қа­зан­дығы жаңартылды. 

Сондай-ақ көлік инфрақұры­лымын жақсарту мақсатында 64 ауылдық елді мекеннің көшелерін жаңғырту, күрделі жөндеу бойын­ша 352 жоба, 7 ауылдық елді мекен­нің жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша 9 жоба жүзеге асырылды.  

2026 жылға өтпелі кезеңмен жү­зе­ге асырылатын 4 ауылдық елді мекеннің көшелерін күрделі жөн­деу, 10 ауылдық елді мекеннің электр­мен қамту жүйесін қайта жаңғырту, 2 ауылдық клубтың, 4 спорт кешеннің құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.