«Балық берме, қармақ бер!»

1545

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың Президент жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі Мұрат Әбеновтің «Серпіліс» сараптамалық форумына берген сұхбатын қарап шықтым. Мұнда өңір дамуы, білім саласындағы биіктер, спорт саласындағы серпін қамтылды.

Облыс басшысы ел болашағы – жастардың мәселесін де шет қалдырмады.«Балық берме, қармақ бер!» деген. Қазір жастардың өзін дамытып, кәсіпте шыңдалып, бизнестен береке табуына, жұмысқа орналасып, өмірден өз орнын табуына жағдай жасалған. Гүлшара Наушақызы бұл ретте бірнеше жылдан бері ішкі көші-қонды ынталандыруға бағытталған «Серпін» жобасы жайлы ойымен бөлісті. Дерек бойынша бұл жобаға оңтүстік облыстардан 30 мың жас қатысып үлгерген. Оның ішінде қызылордалықтар да бар. Бұдан бөлек, жастардың дамуына бастайтын, жұмыспен қамтуға бағытталған түрлі мемлекеттік жобалар жетерлік. Насихат жұмыстары жолға қойылған. Соның арқасында оң көрсеткішке қол жеткізіп келеміз.

Өңір басшысы пандемия уақытындағы ауызбірлікті де атап өтті. Қазір індетті еңсеруге облыс волонтерлары күш салып келеді. Еріктілер қатарында жастар көп және оларды қолдау толастамайтыны ақиқат. Кешегі Мағжан сенген жастар да өңірді дамыту, елді өркендету жолында аянып қалмайды.

Сабыржан КЕҢШІЛІК,

Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<