Бизнес-идеяларға грант: Құжаттарды қабылдау жалғасуда

580

0

2021 жылдың 9 тамызынан бастап «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге жас кәсіпкерлердің өтінімдері мен құжаттарын қабылдау басталды.

Конкурстық іріктеуге құжаттарды «Qoldau.kz» сайты арқылы электронды нысанда немесе «Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына» қағаз түрінде тапсыруға болады. Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс 13:00 ден 15:00 аралығы. Конкурсқа мемлекеттік грантты алу үшін жүгінген уақытта дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне 3 (үш) жыл толмаған, 18-29 (қоса алғанда) жас аралығындағы кәсіпкерлер қатыса алады.

Мекен-жай: Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі №123, «Бизнеске арналған Үкімет», 2-қабат. Байланыс телефондары: 8 /7242/ 40-10-59, 8-776-262-24-94

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<