Дәстүрлі әнші туған жерінде концерт берді

8

0

«Өнер орталығында» ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, термеші Бибажар Маханбетқызының 70 жас мерейтойы аясында «Қызыма» атты жеке шығармашылық кеші өтті. Концерттің өтуіне облыс әкімдігі қолдау танытты.

Кешке арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мей­рамбек Шермағанбет өнер иесіне аймақ басшысының құт­тықтауын табыстап, ұлттық үр­діске сай сый-құрмет көрсетті.

Мерейтойлық кеште қазақ эстрадасының жұлдызы, таны­мал әнші, «Аппақ гүлдер», «Қош, махаббат», қырғыз әні «Бе­гімайдың жыры» (дуэт) ән­­дерімен көрермен көңілін жау­­лаған өнер иесінің қызы Ақ­бота Керімбекова, белгілі жыр­­шы-термеші Мейрамгүл Ора­ш­ева, әнші-сазгер Индира Елу­бае­ва, сондай-ақ «Ақме­шіт» фо­льклорлық ансамблі, «То­­­мирис» және «Ai-Aru» би ансамбльдері өнер көрсетіп, көп­­ші­ліктің қоше­метіне бөлен­ді. Кеш тізгінін ұс­таған танымал радиожүргізуші Гүлмира Нә­лі­бай рухани әсері мол іс-шара­ның мазмұнын таныта түсті.

Концерттің қорытынды сә­тін­де сөз алған мерейтой иесі Бибажар Маханбетқызы ха­лық­тың төл өнеріне қолдау та­­нытқан аза­маттарға, жалпы Сыр жұртшы­лығына алғысын айтты.

Жерлесіміз, дәстүрлі әнші Бибажар Маханбетқызының же­ке концерті Жаңақорған, Шие­­­лі ау­дандарында жалғасын тауып, аудан әкімдері мерейтой ие­­сі­не сый-құрмет көрсетті. Жас ақын­­дар ар­нау жыр­ларын оқып, дәстүрлі өнерге деген құр­мет, іл­типатын біл­дірді.

Концерттер барысында ән­ші­нің жарты ғасырға жуық ең­бегі ел алдында қайта көрініс та­уып, көрерменнің ыстық ықы­­ласына кенелді.

«СБ» ақпарат