Ер адам көпірден секірмекші болды

482

0

Фото: ашық дереккөз

Патрульдік полицейлер көпірден секірмекші болған азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түнгі сағат 23:30 шамасында Алматы – Термез тасжолында жүрген полицейлер көпірден секіргелі тұрған ер адамды байқап қалған. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған белгісіз адамды көрген Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Бағлан Жораұлы мен Өткір Мэлсұлы оқиға орнына жедел жеткен.

«Қос полицей тездетіп, жоғары көтеріліп, биіктен секірмек болған орта жас шамасындағы ер адамның жанына жақындаған. Осы сәтте сол жердегі тұрғынның бірі көмекке келіп, ер адамды сөзге айналдырып тұрды. Ал қос полицей көпірге ілініп тұрған тұрғынның екі қолынан тарта отырып, қауіпсіз жерге шығарып алды. Тексеру барысында тұрғынның суицид жасауына, масаң күйде болуы мен отбасылық кикілжіңнің әсер еткені белгілі болды. Сондай-ақ көпбалалы әке теріс әрекеті үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай жағдайға жеткізбейтінін айтты», – деп жазылған Polisia.kz таратқан ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<