Гаитиде су тасқынынан кейін жер сілкінді: қаза тапқандар бар

475

0

Гаитиде Жереми қаласында жер сілкінісінен үш адам қаза тапты. Бірнеше күн бұрын су тасқынынан 42 адам мерт болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтемемен.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, 4,9 балдық жер сілкінісі Гаитиде таңертең болған. Ол толассыз жауған нөсерден кейін тіркелді. Салдарынан 13 мыңнан астам адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды.

Гаити премьер-министрі Ариэль Анридің мәлімдеуінше, оның үкіметі мен халықаралық серіктестер су тасқынымен күресу үшін «шұғыл шаралар» қабылдауда.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттігі су тасқынынан баспанасыз қалғандарға ыстық тамақ бере бастайтынын мәлім етті.

Гаити билігі қаза тапқандардың үшеуі жер сілкінісінен үйлері қираған кезде, бастырылып қалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ондаған адам зардап шеккен.

Жереми – Гранд-Анс департаментінің оңтүстік-батысындағы жағалау маңындағы қала. Бұл өңір екі жыл бұрын жер сілкінісінен қатты зардап шегіп, 2200 адам қаза тапқан еді. Қала елдің басқа бөлігіне қарағанда оқшаулау, нөсерден көлік қатынасы бұзылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<