ІХ Азаматтық форум қорытындыланды

360

0

Кеше ІХ Азаматтық форумның жұмысы мәресіне жетті. Пленарлық сессияны онлайн көрсетілім арқылы облыстағы ҮЕҰ да тамашалап, алдағы жоспарын нақтылады. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет қатысқан жиында  форумның ерекшеліктері мен жаңашылдықтары сөз болды.

Жалпы отырыста ҚР Мем­ле­кеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев мемлекет азаматтық қо­ғамның тұрақ­тылығын арт­тыруға, партиялардың, кәсіп­одақ­тардың және бұқаралық ақ­парат құралдарының қызметіне, жергілікті өзін өзі басқаруға, еркін және әділ сайлау өткізуге, аза­мат­­тардың бейбіт жиналыстар ұйым­дастыру құқығын жүзеге асыруға қа­тысты заңнаманы жетілдіру арқылы саяси трансформацияға қадам басуға мүмкіндік алатынын мәлімдеді. Сонымен қатар Мем­лекеттік хатшы тұрғындар жер­гілікті бюджеттің қалай қалып­тасатынын, оның орын­далуын сайланған әкімнен қалай талап ету керектігін, әкімдердің қалай сайланатынын, даму бағдарла­ма­ларының орындалу барысын бақы­лауды жақсы түсінуі қажеттігін баса айтты.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да он­лайн формат бұл форумның жа­л­ғыз ерекшелігі емес екенін, оның маз­мұндық және ұйым­дастырушылық жағына қа­тысты бірқатар жаңашылдық енгі­зілгенін баяндады. Форум қоры­тындысы бойынша 650-ден астам нақты ұсыныс түскеніне тоқталды. Бас­қосуда қайырымдылық, волонтер және меценаттықтың ұлттық рей­тин­гін әзірлеу қажеттігі  айтыл­ды.

Деректерге сүйенсек, Қазақстан әлемдік рейтингте қайы­рымдылық бо­йынша аутсай­дер­лердің қатарында. Сондықтан бұл бастама бізге артық етпейді.

Ауқымды шарада мұнан өзге де маңызды мәселелер көтерілді және республика бойынша  ең үздік деген ҮЕҰ марапат төрінен табылды. Сыр өңірінен «Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде ҮЕҰ қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» номинациясымен «Бастамаларды қолдау» бірлестігі марапатталып, мәртебесі биіктеді. Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет бірлестік жетекшісі Мадина Төлепованы жеңіспен құттықтап, алғыс білдірді. Аймақтағы ҮЕҰ-ның дамуына, азаматтық қоғамның қалып­тасуына зор үлес қосып жүр­ген бірқатар азаматтарды да ар­найы номинациялармен мара­паттады.

– Үкіметтік емес ұйымдар – елдің күшін және мемлекеттің тұрақтылығын арттыратын маңыз­ды қоғамдық институт. Қазір облыста тіркелген ҮЕҰ саны – 1000. Бүгінде олар өңірдің рухани-мәдени, қоғамдық өміріне белсене қатысуда. ҮЕҰ-ға жан-жақты көмек көрсететін Азаматтық альянс қауымдастығының жұмысы да жанданды. Қазір олардың жұмысы жаңа бағытта жүргізілуде. Қауымдастық «Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдар Альянсы Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі болып қайта құрылды. Ауқымды істер, жоспарлар бар. Әсіресе, ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-мен жұмысты күшейту жоспарда, – деп қоры­тындылады жиынды Серік Ахмет.

Мөлдір Қалымбет,

«Сыр бойы»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз