Мүмкін емес ешнәрсе жоқ арманы бар адамға

1216

0

Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның арманы бар. Ол – журналист болу. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне тәнті  болып отырамын.  Есейе келе, бұл арман мен қойған мақсатқа айналды.

 Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен тіл табыса алатын жан. Мен де, жоғары білім алып, халқыма адал қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болып қалыптасуға асықпын. Мүмкін емес ешнәрсе жоқ арманы бар адамға.  Менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым деп білемін.

Қарақат ЕЛЕУСІНОВА,

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанындағы

«Тіл – майдан» Жас журналистер клубының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<