Ұмытпаймыз! Білеміз! Жеңеміз!

318

0

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күніне арналған «Ұмытпаймыз! Білеміз! Жеңеміз!» ұранымен жастар акциясы өтті.
Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы, облыстық жастар денсаулығы орталығы, облыстық наркология, тері-венерология диспансері, ҚР-ның «Қызыл Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы, Үкіметтік емес ұйым өкілдері және белсенді жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.
Бұл күнді атап өтудің негізгі мақсаты – ВИЧ-пен өмір сүруші адамдарға моральдік, рухани және психологиялық қолдау көрсету, ВИЧ/СПИД проблемасының бар екенін қоғамның барлық құрылымдарының есіне салу, біздің әрқайсымыз ВИЧ жұқтырған адамдар үшін не істей алатынымызды ойлану. Сонымен қатар ВИЧ жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтық қоғамдағы және үкімет басындағылардың назарын ВИЧ/СПИД эпидемиясына баса назар аударуына, індеттің алдын алу, сақтану шараларын, жұғу жолданы кеңінен насихаттауға бағытталған.

Ә.Оразалиева,
ЖИТС орталығының баспаөз хатшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<