ӨНЕРЛІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ

1374

0

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық әлеуетін ашып, әрі қарай дамуына ықпал етіп, ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен  және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалымен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 30 жыл» тақырыбында «Өнерлі мемлекеттік қызметші» шығармашылық байқауы ұйымдастырды.

Байқау қашықтық форматында бір сатылы кезеңде өтті,  мемлекеттік қызметшінің жеке жұмысы қабылданды (мәнерлеп өлең оқу, проза оқу, патриоттық ән айту, аспаптарда ойнау және т.б.).

Өнерге әркімнің де бар таласы демекші, «Өнерлі мемлекеттік қызметші» байқауына 31 қатысушы қатысты. Оның ішінде өз өнерімен ерекшелініп суырылып 8 қатысушы, мемлекеттік қызметкерлер алға шықты.

25 маусым күні байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша І орынды  Қызылорда қаласы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ботабай Динара Жалғасбекқызы, Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Алпанова Райхан Бейбітқызы, ІІ орынды Қызылорда қаласы статистика басқармасының бас маманы Нұрмаханов Ермек Мұхитұлы және Төтенше жағдай департаментінің Қызылорда қаласы 7-ші өрт сөндіруші сержанты Қарасай Мағжан Алмасбекұлы, ІІІ орынды Қызылорда облыстық статистика департаментінің бас маманы Байдилдаева Эльмира Танирбергеновна, Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Дүйсенбиева Бибиасия Аманжолқызы иеленді. Сондай-ақ ынталандыру сыйлығымен  Інкардария ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Байменова Лаззат Нурилдақызы және Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы Абиева Шынар Арапбекқызы марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен алғыс хаттарды, сыйлықтар мен қаржылай сыйлықтарды  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Рафхат Төлеуғалиұлы Бисенов пен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<