Полицейлер ағаштан секірмек болған мас адамды құтқарды

926

0

Алматыда ағаштан секіріп өлмек болған мас адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 маусымда Әуезов аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз ер адам алкогольдік мас күйінде 3-ықшам ауданның №20 үйдің жанында жүргені туралы қоңырау келіп түсті.

«Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлар ақпаратты растады. Шындығында, ер адам жүрген жоқ, ол ағаштың төбесінде отырды. Оның жеке басы бірден анықталды – 1972 жылы туған Б. есімді азамат. Мас адам бірнеше рет секіруге ұмтылды. Өтіп бара жатқан адамдар оны, мұндай әрекет жасамауға көндіруге тырысқан кезде учаскелік инспектор Әділет Шегебаев формасын шешіп, ағашқа өрмелеп шығып, өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан адамды төмен түсірді», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр

Ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция ер адамды сот-наркологиялық сараптамаға ертіп барды, онда оның мас болу фактісі ресми түрде расталды. Содан кейін құқық бұзушы полицияға жеткізілді, ол жерде оның осы әрекетінің себебі белгілі болады.





 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<