Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде кіші комиссия құрылады

126

0

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысында жабық архив қорларын кезең-кезеңімен құпиясыздандыру жөніндегі кіші комиссия құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова саяси қуғын-сүргін мәселелері жөніндегі Арнайы архив қорын және Ұлттық жад институтын құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Отырысқа қатысушылар Саяси қуғын-сүргіндер жөніндегі жабық архив қорларын жан-жақты зерделеу және оларды кезең-кезеңімен құпиясыздандыру жөніндегі кіші комиссия құру жөнінде шешім қабылдады.

Мемлекеттік хатшы, аталмыш комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев ведомстволық және мемлекеттік архивтердің қызметін жетілдіруге, архивтердегі ғалымдар мен зерттеушілердің жұмысы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Өңірлік комиссиялардың қызметін жандандыру және олардың қызметін қаржыландыру, сондай-ақ Мемлекеттік комиссия қызметінің ақпараттық стратегиясын қалыптастыру міндеттері белгіленді.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз