Сайлау-2021: Үгіт-насихат материалдарын орналастырушылар үшін

2010

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі  мен мәслихат депутаттары сайлауына орай “Сыр медиа” ЖШС облыстық, қалалық және аудандық газеттерде сайлауалды үгіт-насихат материалдарын газет бетінде орналастыру бойынша өз қызмет құнын ұсынады:

Облыстық “Сыр бойы” газеті 1929 жылдың 1 шілдесінен шығады. Газет форматы А2, Д2. Бірінші және соңғы беттер түрлі-түсті. Шығарылымы аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері.

Таралымы – 26 524 дана.   

Облыстық “Кызылординские вести” газеті 1930 жылдың 1 қаңтарынан шығады. Газет форматы А2, Д2. Бірінші және соңғы беттер түрлі-түсті. Шығарылымы аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері.

Таралымы – 7 915 дана.

Газеттің бір шаршы сантиметрінің құны облыстық “Сыр бойы” және “Кызылординские вести” газеттерінде ҚҚС қоса есептегенде:

• бірінші түрлі-түсті бетте орналастыру – 500 теңге;

• ішкі беттерде орналастыру – 250 теңге;

• ең соңғы түрлі-түсті бетте – 300 теңге.

Облыстық “Ақмешіт жастары” газеті аптасына 1 рет шығады: бейсенбі күні. Таралымы – 8091 дана.

Бір шаршы сантиметрінің құны ҚҚС қоса есептегенде:

•  бірінші түрлі-түсті бетте орналастыру – 250 теңге;

• ішкі беттерде орналастыру – 150 теңге;

• ең соңғы түрлі-түсті бетте – 180 теңге.

Қалалық және аудандық газеттер бойынша: Қызылорда қалалық “Ақмешіт апталығы”, Арал аудандық “Толқын”, Қармақшы аудандық “Қармақшы таңы”, Жалағаш аудандық “Жалағаш жаршысы”, Сырдария аудандық “Тіршілік тынысы”, Шиелі аудандық “Өскен өңір”, Жаңақорған аудандық “Жаңақорған тынысы” газеттерінің шығарылымы аптасына екі рет: сейсенбі, сенбі күндері.

Газеттердің таралымы – 2845 – 6617 дана аралығы.

Газеттің бір шаршы сантиметрінің құны қалалық және аудандық газеттеріне  ҚҚС қоса есептегенде:

• бірінші түрлі-түсті бетте орналастыру – 250 теңге;

• ішкі беттерде орналастыру – 150 теңге;

• ең соңғы түрлі-түсті бетте – 180 теңге.

Қазалы аудандық “Қазалы” газеті аптасына 2 рет шығады: сейсенбі, сенбі. Таралымы – 5514 дана.

Бір шаршы сантиметрінің құны ҚҚС қоса есептегенде – 140 теңге.

Үгіт-насихат материалдары 2020 жылдың 11 желтоқ­санынан 2021 жылдың 06 қаңтарына дейін қабылданады.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4-А (Назарбаев  Зияткерлік мектебінің жанында). Жарнама бөлімі: 8 (7242)  70-00-52, коммутатор: 40-11-10 /1058/, e-mail: smjarnama@mail.ru

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<