Салқын қайдан сезіледі?

6

0

Алдағы екі күндікте кей өңірлерде ауа температурасы -18°С дейін төмендеуі мүмкін. Осындай болжам келтірген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 16-18 сәуір аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық түзілім әсер етеді: батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон тұрақсыз ауа райын қалыптастырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын әкеледі деп отыр.

– Кезеңнің соңына қарай республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлері солтүстік антициклонның ықпалына өтіп, соған байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Қа­зақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі байқалады, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін, – дейді синоптиктер.

Кезеңнің басында солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-ден -8°С дейін, (күндіз +8°С дейін) төмендейді. Кезеңнің соңында шығыста түнде -2-ден -18°С дейін (күндіз 0-ден +13°С) суытуы мүмкін.

Ал елдің қалған аумағында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.

«СБ» ақпарат