Шөп шабуға кеткен: 14 жастағы бала іздестірілуде

643

0

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы баланы бір ай тоғыз күннен бері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Талғар ауданының полициясы 2007 жылы туған Қасейін Мұралға іздеу салды. Ол Талғар ауданының Көкдала кентінен 11 қыркүйек күні сағат 14:00 шамасында шөп шабуға үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

«Бойы 165 см, дене бітімі орташа, көздері қоңыр, шаштары қара. Үстінде ашық сұр түсті жемпір, қара шорты, аяқтарында қызыл кроссовка болған.

Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз 8 701 375 92 91 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<