Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңызды

627

0

    Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді. 2014 жылды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2015-2025 жылға бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегиясы маңызы зор құжатқа айналған. Құжаттың мақсаты мемлкеттің сыбайлас жемқорлыққа кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын жасау арқылы қоғамды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» №1550 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңы қабылданды.


    Бұл Заңның мақсаты- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқада адамдардың сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
     Заң сол сияқты демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағыжариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған. Бұл заңның ерекшелігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсатарына пайдалануына, келеңсіз әрекетеріне тосқауыл қою болып табылады.Барлық мемлекеттер органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осыған  орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып белсенділік танытып қарсы тұруымызқажет.


     Жоғарыда айтқанымыздай, «2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»- жемқорлықлыққа қарсы саясаттың негізі. Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда жегі құрқа қарсы төтеп бере аламыз. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Сондықтан қоғамдық дертке белсенділік танытып қарсы тұруымыз қажет.

                                                                    Ғ.ИМАҒАНБЕТОВ
                                                                   Облысының кәмелетке
                                                                    толмағандардың істері жөніндегі
                                                                    мамандандырылған ауданаралық
                                                                    сотының сот приставы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<