Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарларын сайлады

329

0

Сурет: Юрий Шин и Лугмар Буларов

24 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының екі жаңа орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», – делінген таратылған ақпаратта.

Лугмар Буларов дүнген этносының жетекшісі екені белгілі. Ол 2024 жылдан бастап Ұлттық Құрылтайдың жұмысына араласа бастады.

Юрий Шин – Қазақстан корейлері қауымдастығының төрағасы, VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

Олар президент ҚХА төрағасының орынбасары қызметінен босатқан Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дякты ауыстырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<