ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТКЕНДЕР

547

0

 Ауылдан шыққан аза­маттардың туған жерін түлетуге талаптанғанын  көр­генде бойыңды мақтаныш сезімі кернейді. Жомарт жүректі жайсаң жандардың ел үшін жасап жатқан игі істеріне  ризашылық танытарың анық.
Теңізді ауданнан шыққан тұлғалы азаматтар осындай бастама көтеріп, елдің ықы­ласы мен батасын алуда.
«Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Арал қаласы­нан типтік жобадағы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын салу, аудандағы шалғай орна­ласқан елді мекендерге ар­найы техникалық авто­кө­ліктер алып беру, Арал қаласынан «Ардагерлер үйі» ғимаратының құрылысын салу және де Шижаға елді мекеніне абаттандыру жұмыстарын жүр­гізу мақсатында 218 млн тең­геге ауданнан шыққан кәсіпкерлермен төрт бірдей меморандумға қол қойылған еді.
Сондай-ақ, аталған бағ­дарламалық мақаласын ілге­рілету мақсатында  аудан бойынша барша білім беру мекемелерінде іс-шаралар жоспарымен жұмыстар ұйымдастырылды. «Туған жерге тағзым – мектебіме тағзым» акциясының қарқынды жүр­­гізілуі соның нақты көрінісі. Акция барысында білім беру ұйымдарында түлек­тер базасын, демеушілік көр­сетушілер стендісін дайын­­дау, акцияға белсенді қатысушыларды марапаттау шаралары  өткізілді. Мектеп түлектері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан акцияда мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен аз қамтылған балаларға қаржылай және басқа да көмектер жасап, жомарттық танытты. Солар­дың кейбіріне тоқтала кетсек. Арал қаласындағы №14 мектеп-ли­цейдің түлектері  мектеп ғимаратының кіре­берісіне қосымша құрылыс жұ­мыстарын жүргізіп,  проек­тор құ­рыл­ғысын алып берді. Ал Қарақұм елді меке­ніндегі №59 мектепке облыстық мәслихат депутаты А.Жұқашев 800 мың теңгеге музыкалық аппаратура алуға демеушілік жасады. Бөгендегі  №20 мектептің түлектері мектеп атауын көркемдеп жаздыруға,  сахналық киімдер алуға 51 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Олардан өзге азаматтар да қалыспады. Қамыстыбас елді мекеніндегі №21 мектепке түлектері ноутбук, Арал қаласындағы №220 мектепке Санира және Нұргүл Жанназаровалар, Р.Жанаев компьютер жаб­дығын сыйға тартып, Сазды елді мекеніндегі №60 мектепке облыстық мәслихат депутаты М.Жұмашев мектеп залын безендіруге демеушілік жа­сапты. Аманөткелдегі №73 мектеп түлектері Ж.Сәр­­сен­баев, Т.Дәрменов кітап­ханаға кітаптар және мектеп түлектері бірлесіп кондиционер алып, №177 мектептің бір кабинетін жөндеу жұмыстарына, №19 мектепке  Т.Базарбаев мұражай бөлмесін жабдықтауға көмек жасаған.
Ел азаматтарының айтуынша, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Арал ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<