Түскі астан үнемдеп, көлік сатып алуға болады

988

0

РБК басылымы ресейліктердің төлем қабілетіне қатысты зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін отбасы 8 ай 21 күнде автокөлік сатып алады-мыс.

Қысқаша айтқанда, біреуінің табысы ас-ауқат, киім-кешек пен коммуналды төлем жасауға кетсе, екіншісінің айлығы толығымыен сандыққа салынады.

Ал енді бұл зерттеуді Қазақстанға икемдесек, біздің елдегі жағдай да осыған ұқсайтынын аңғарамыз. Біздің елде жүрілген машинаның орташа бағасы 2 млн теңге шамасында десек, Статистика комитетінің есебі бойынша орташа айлық 209 мың теңге шамасында екен. 

Алайда айлық мөлшері әр өңірде әртүрлі. Мысалы, Атырау мен Маңғыстау облысында — 386.7 және 317.7 мың теңге, Нұр-Сұлтанда — 282.5 мың теңге, Алматыда — 238.7 мың, ал Шымкентте — 164.2 мың теңге. Дегенмен ресейлік мамандардың кеңесіне сүйеніп, артық шығын шығармай, ақша жинағандар жоғарыда аталған мерзімде ескілеу болса да, жүретін көлік сатып ала алады.

BAQ.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<