Жаңа қаулы: Қызылорда қаласында шектеу шаралары күшейтілді

3866

1

ҚЫЗМЕТІ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ:

«Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, қалааралық, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымалдары;

жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттракциондар қызметтері;

«ASHYQ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСҚАНЫНА ҚАРАМАСТАН СЕНБІ, ЖЕКСЕНБІ КҮНДЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

🔹қоғамдық жолаушы тасымалдаушы қызметіне;🔹

спорттық объектілердің (спорткешендері, спортмектептері, спортклубтары, жаттығу залдары);

қоғамдық тамақтану объектілері, фурдкордтардың (тамақты жеткізу бойынша рұқсат етіледі);

фитнесс-орталықтары, фитнесс-клубтары, йога-орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, сауна, монша, СПА-орталықтары, бассейндердің;

кинотеатрлар, театрлар, концентр залдары, филармониялар, цирктердің;

алаңы 500 ш.м. дейін азық-түлік емес дүкендер мен жабық базарлардың;

компьютерлік клубтар, боулингтер, бильярд клубтары, караоке, түнгі клубтарының;

балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары мен үйірмелері, балалардың түзету кабинеттері, балаларға арналған көңіл көтеру орталықтарының;

банктер, ХҚКО, Казпочта бөлімшелерінің;

діни объектілердің;

мәдени және демалыс парктерінің;

ЖҰМЫС КҮНДЕРІ ҚЫЗМЕТТЕРІ ШЕКТЕЛЕДІ:

қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын мейрамханалар, дәмханалар, кофехана типі бойынша толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін;

фитнес-орталықтары, фитнес-клубтары, йога-орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, сауна, монша, СПА-орталықтары, бассейндер бойынша «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін;

кинотеатрлар бойынша «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін;

балаларға арналған көңіл көтеру орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайдағы аттракциондар) бойынша «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20:00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін;

СОО, сауда үйлері, сауда желілерінің жұмыс уақыты 20:00-ге дейін;

жабық базарлар жұмыс уақыты 20:00-ге дейін;

мәдени және демалыс парктерінің жұмыс уақыты 22:00-ге дейін;

барлық мекеме қызметкерлерінің 80%-ын алыстан жұмыс жасау форматына ауыстыру (вакциналанған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<