«Жалынды жастар – жаңа заман жаршысы» атты «ҚР колледждерінің Топ-100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарымен кездесу кеші өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – дарынды жастарды ынталандырып, еңбек біліктілігін, білім мен таланттарын дәріптеу болды.
Кештің ашылуында колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы жұмысшы мамандықтарының жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауда үздік деп танылған 4 студенттің жетістіктерін мақтан тұтып, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын атап өтті.
* Райсова Нұрай («Шетел тілі» бөлімі)
* Сағадатқызы Арайлым («Ақпараттық жүйе» бөлімі)
* Дүйсенова Мөлдір Қуанышқызы («Бастауыш білім беру» бөлімі)
* Арысбай Диас Айболатұлы («Дене шынықтыру және спорт» бөлімі)
Бір ерекше атап өтерлік жайт, аталған студенттер байқауда жеңіске жетіп, жұмысқа орналасу үшін жолдама алды.
Бұл – жеңімпаз жастарымыздың кәсіби дағдылары мен жетістіктерінің айғағы.
Кездесу барысында жеңімпаздар өздері туралы «Мені үздік еткен – жетістіктерім» атты презентация және видеоролик арқылы баяндап, көрермендердің сұрақтарына жауап бере отырып, болашақта осындай кәсіби байқауларға қатысуға шақырды. Сонымен қатар, байқауға дайындаған жетекшілер С.Е.Ибрагимова, А.Жетілгенова, С.Ботаев, Ж.Ерғалиқызы сынды ұстаздар еңбегі де ерекше атап өтілді. Ең бастысы, болашақ мамандар еңбекке қабілетті, кәсіби зейінді, өз елінің өркендеуіне үлес қосатын тұлға болуы керек. Ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетке үлес қосатын жастарға табыс тілейміз!
Жастар – еліміздің болашағы, олардың жетістіктері – елдің жарқырауы!
Айнұр Жетілгенова,
М.Мәметова атындағы
Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, оқытушы