«Аймақтар аламаны» ауыл ішінде

38

0

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы және 2019 жыл – Жастар жылы аясында Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Аймақтар аламаны» атты ауыл өнерпаздарының финалы жоғары деңгейде өткізілді.

Екі ай уақытта Қармақшы ауданына қарасты 14 ауылдық округ өзара бақ сынасып, 8 ауыл жартылай финалда сайыс­ты. Жалпы, өнер фестиваліне 200-ден аса танылмай жүрген талант, ерекше дарын иелері, өнерлі өрендер жарыққа шықты. Жобаның негізгі мақсаты да осы болатын. 

Ақтық додада аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров қатысушы өнер­паздарға сәттілік тілеп, сөз сөйледі.

Фестивальдің финалына – Төретам кенті, Ақай, Жаңажол және Ақтөбе ауылы өнер­паздарының өнерлерін арнайы жасақталған қазылар алқасы сарапқа салды. Қазылар алқасының шешімімен бірнеше ауылдан келген әжелер ансамбльдері және жеке өнерпаздар «Ұлағат», «Шабыт», «Муза», «Ұлт құндылығы»  секілді номинациялармен  марапатталды.

ІІІ орынды Төретам кентінің, ІІ орынды Ақтөбе ауылының, І орынды Ақай ауылының өнерпаздары иеленді. Ал, бас жүлдені және 300 мың теңге сыйақыны Жаңажол ауылының өнерпаздары жеңіп алды.

Осылайша, фестиваль ұлттық дәстүр, рухани ұстаным, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ауыл жастарының шығармашылығына серпіліс жасау мақсатын орындай білді.

 

«СБ» ақпарат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз