Балалар әндерінің тұңғыш партитурасының таныстырылымы өтеді

2079

0

Ы.Алтынсарин  атындағы  ұлттық  білім Академиясында  балалар  композиторы, мәдениет  қайраткері, академияның  аға  ғылыми  қызметкері Алтын  Маханбетованың  «Менің  өлкем » атты  балаларға арналған әндерінің эстрадалық-симфониялық оркестрге арналып өңделген  партитуралар жинағының  тұсау  кесер рәсімі  өтеді. 

Алтынсарин атындағы академияның қолдауымен жарық көрген жинаққа  автордың   патриоттық тақырыптағы және бақытты  балалық  шақ тақырыбына  арналған 30- әні  енген. 

Қазақстанда балалар әндерінің  партитуралар жинағы тұңғыш  рет  жарық көріп  отыр.  Тұсау  кесер рәсіміне  ҚР композиторлар  одағының төрағасы  С.Әбдінұров бастаған кәсіби композиторлар  және  белгілі музыка мамандары, ғалымдар  қатысады.

BAQ.KZ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<