Бүгін «Славян базары» байқауы ашылады

345

0

«Славян базары» XXVIII Халықаралық  өнер фестивалі салтанатты түрде бүгін Жазғы амфитеатрда ашылады, – деп хабарлайды БЕЛТА.
Форумның ашылуында халықаралық фестиваль-байқауға қатысушылар дабылшылармен бірге Бостандық алаңынан Жеңіс алаңына дейін жүріп өтеді. Түсте байқау басталады. Сондай-ақ, Жазғы амфитеатр маңында Лауреаттар алаңында жаңа жұлдыз жағылады – мұнда Беларусь Республикасының Президентінің арнайы марапаты Таисия Повалийге табыс етіледі. Әрі қарай «Витебск-2018» XVII халықаралық балалар музыкалық конкурсының марапаттау рәсіміне жалғасады.
Кешке Бас жүлде иегері Жазғы амфитеатр сахнасына шығып, өз өнерін көрсетеді. Сондай-ақ, бағдарламаға танымал әртістер мен жаңа есімдер қатысады: Валерий Леонтьев, Тамара Гвердцители, Стас Михайлов, Варвара, Татьяна Буланова, Александр Панайотов; Анатолий Ярмоленко мен «Сябры» ансамблі, Ядвига Поплавская, Руслан Алехно, «Песняры» ансамблі, Беларусь Президенті оркестрі, Алессандро Сафина, Таисия Повалий, Боссон және басқалар. «Славян базары» XXVIII Халықаралық  өнер фестивалі 11-15 маусым аралығында өтеді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<