Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты

425

0

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты. Бейнебаян «Screaming» әніне түсірілген. Видеоклип 23 мамырда әншінің YouTube хостингіндегі арнасында жарияланды. «Screaming» деген əнімнің бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттемін», – деп жазған Димаш Құдайберген видеосының сипаттамасына.
Клип бір тәулікке жетпей 10 000-нан аса көрілім жинаған. Желі қолданушылары әншіні алғашқы бейнебаянымен құттықтап жатыр. «Screaming» әнінің шығатыны туралы бірер күн бұрын instagram парақшасында Димаштың өзі жазған болатын. – Екі күннен кейін ағылшын тіліндегі əнге түсірілген бейнебаяным көрерменге жол тартпақ. Əннің композиторы Muhgal осы күнге дейін Rihanna, Usher, Cherul Fermandes – Versini, Shakira, Ne-Yo, Avisi сынды əншілерге əндер жазған. Сонымен, жақында ғана жарық көрген «Screaming» деген əнімнің бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттемін, – деп хабарлаған еді. Айта кетейік, Димаш Құдайберген бүгін 24 жасқа толды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<