DISNEY-дің тағы бір фильмі – қазақ тілінде

609

0

Disney студиясының қазақ тіліне дубляждаған «Мулан» анимациялық фильмінің премьерасы 17 желтоқсанда өтеді. Айта кетейік, бұл – отандық кинопрокат мемлекеттік тілде шығатын 35-ші кинотуынды.

«Мулан» мультфильмінің алғашқы ремейкі 1998 жылы әлемдік прокатқа шыққан болатын. Ал қазақ тіліндегі ке­зек­ті фильм онлайн-кинотеатрларда жа­қын арада шығады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Голливуд киносту­дия­ларының отбасымен көруге арналған фильмдерін мемлекеттік тілге «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» ком­паниясы дубляждайды. Осы игі жо­ба арқылы қазақ тілі Disney сту­дия­сы­ның 39-шы тілі және Sony Pictures сту­дия­сының 7-ші тілі болыпты. Сондай-ақ дубляж саласының 203 маманы білік­тілік­терін арттырған. Ал «Мулан» кино­туындысының дубляжына «BI Group» компаниясы демеушілік көрсетті.

«Бір айдан кейін біз дубляждаған 35-ші мерейтойлық фильм кинотеатрларда шығады деп үміттенеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әлемге әйгілі студиялардың контентін дубляждау мүмкіндігін қарастырып жатқанына қуандық. Біз осыдан тоғыз жыл бұрын, яғни 2011 жылы Disney киностудиясымен ынтымақтастығымызды бастаған едік. Осы жылдар ішінде Disney, Sony Pictures, Marvel, Lucas Films, Bazelevs және басқа да студиялардың 35 фильміне дубляж жасадық. Жоба Қазақстан Рес­публи­касының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың алғыс хатымен бел­гіленді. Жобаның басты құндылығы – балаларымыз өздерінің ана тілінде ең жақсы шетелдік анимациялық фильмдерді тамашаласа екен», деді «Болашақ» кор­поративтік қоры Қамқоршылар кеңе­сінің төрайымы Динара Шайжүнісова. «Біз әлемнің жетекші кинокомпанияларымен көпжылдық ынтымақтастық тәжірибемізді мемлекеттік органдарме

Егемен.кз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз