Еленаның ерен үні

1627

0

Сыр елінің сандуғашы, ақын, әнші-композитор Елена Әбдіхалықова есімі барша қазаққа таныс. Оның «Есіңе мені алғайсың» деп аталатын бір ғана әні – әр қазақтың жүрегінен орын алған дүние.

Жақында қызылордалықтардың сұрауымен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Елена Әбдіхалықова елордадан арнайы сапарлап келіп, жеке концертін берді.

Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов музыкалық драма театрында өткен концертке Еленамен бірге белгілі эстрада жұлдызы Ақбота Керімбекова қатысты.

Еленаның ерекшелігі шығармаларының әнін де, сөзін де өзі жазып, өзі орындайды. Осы кеште композитордың «Көздеріңе ғашықпын», «Менің жалғыз жұлдызым», «Доспен қоштасу» секілді ерекше сұранысқа ие әндері шырқалды.

Қос әнші жұртшылыққа тамаша көңіл-күй сыйлады. Көрермен Еленамен қосылып ән шырқады.

Е.Әбдіхалықованың      «Сыр елім» әуенімен тербелген көпшілік концерт біткен соң да әншілерге ұзақ қошемет көрсетіп, қол ұрды.

Р.ДҮЙСЕН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<