Өнер ұжымының жетістігі

48

0

Кемеңгер Өтепов

Қазалы аудандық мәдениет орталығының директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері: 

– Артта қалып баражатқан жыл ауданның мәдениет саласы үшін жетістікке толы болды. Жуырда елдіңәлеуметтік- экономикалық, мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатаржерлесіміз мемлекеттік награда алған еді. Сол қатарда болу менің ғана емес,өзім жетекшілік жасайтын бүкіл шығармашылық ұжымның табысы деп есептеймін. 

Бүгінде орталықжанындағы Мырза атындағы ұлт аспаптары оркестрі, Ж.Тұрсынов атындағы халықтеатры, «Қорқыт сазы» фольклорлық халықтық, орыс ұлт аспаптары және Әуезовтеротбасылық ансамбльдері тыңдарманды ән-жырмен сусындатып келеді. Ұлттық өнер менаспаптарды көпшілікке заманауи үлгіде насихаттау мақсатында құрылған «Сейхун»этно-рок ансамблі халықтың сүйіктісіне айналып үлгерді. 

Биыл Қызылордада өткен«Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінеқа­тыстым. Алдағы жылда да жетістіктеріміз еселене түсетініне сенімдімін. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз