Үлкен сахнаның алғашқы баспалдағы

34

0

Аймақтың жетекші арнасы – “Qyzylorda” телеарнасының төл жобасы – “Ботақан” телефестивалі биыл 12-ші мәрте шымылдығын түрді. Шараға аймақтың барлық ауданынан жас өнерпаздар қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес 13 жасқа дейінгі жас өрендер қатысқан додада 40-қа жуық өнерпаз өз өнерлерін ортаға салды.
– Жобаның басты мақсаты – өнерлі бүлдіршіндерге бағыт-бағдар беру, өнерін шыңдап, насихаттау. Біздің өңірде талантты жастар көп. Оларды тани білуіміз керек. Осы жерден түлеп ұшқан қаншама өнерпаздарымыз елге танылып, әлем сахналарын әнмен өрнектеуде. Біз өзіміздің алға қойған мақсатымыздың үдесінен шықтық деп ойлаймын, – деді телеарна директоры Жағыппар Қарабала.
Шынында, жоба қатысушылары республикалық, халықаралық ән байқауларында топ жарып, халыққа кеңінен танылып жүр. Фес­тивальға алғашқы жылдары жас өнерпаздар ән мен биден қатысса, қазір оған күй жанры да қосылған. Сонымен қатар, музыкалық аспапта орындау шеберлігін көрсететіндер қатары да артқан. Жобаның көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген артисі Қаракөз Ақдәулетова. Оның  бүлдіршіндердің қарым-қабілетін бағамдап, талантты танудағы еңбегі ерен.

«СБ» ақпарат.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз