«Мұқағали» фильмінің түсірілімі басталды

375

0

«Қазақфильмде» «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Картина  ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері – танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  түсіруде. «Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында», – дейді фильмнің режиссері Қалымбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<