Мәдениет майталмандары құрмет төрінде

806

0

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде ҚР мәдениет саласының үздігі, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Сансызбай Сәдуақасұлын мерейлі 70 жасымен құттықтап, құрмет көрсетті.

Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің директоры Нұрхан Серікұлын «ҚР мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Шара барысында ауданның құрметті ардагерлері жалпы мәдениет саласының жұмысына жоғары баға беріп, табыс тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<