Мәдениет нысандары қайта жаңғыртылады

700

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова «Жұмыспен қамту 2020-2021» жол картасы арқылы іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндады.
Мәдениет саласындағы 22 жобаның құны 1 млрд теңгеден астам. 21 жобаның мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, мердігерлер белгілі болды. 18 жоба негізінде келісім-шарттар жасалды. Айталық, құрылыс, қайта жаңғырту жұмыстары аясында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі ғимаратына қосымша жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Конкурс өтіп, мердігер анықталды. Сонымен бірге, облыстық филармония ғимараты және Қазалы ауданы Ақсуат, Шиелі ауданы Жиделіарық ауылындағы 150 орындық клуб пен Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекеніндегі мәдениет үйі қайта жаңғыртылады.
Арал аудандық архиві ғимаратын «Мұнай – Құрылыс» ЖШС күрделі жөндеуден өткізеді. Шиелі ауданы Бірлестік ауылындағы, Жаңақорған ауданы Жаңаарық ауылындағы мәдениет үйлері де заман талабына сай болмақ.
Ал, ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты 14 жоба бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<