Мәдениет – мәңгі мұраттың мәйегі

36

0

«Өткен жылға өкпе жоқ» демекші, 2019 жыл мәдениет саласына айтарлықтай жаңғырулар мен жаңалықтарын тартулады. Бұл жылдың «Жастар жылы» болып аталуына орай және «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бағытында 5 халықаралық, 5 республикалық, 35 облыстық конкурс-фес­тиваль өткізілді.
   Әйтеке бидің 375 жылды­ғы­на республикалық ақындар ай­­тысы, ғылыми-теориялық кон­ференция, суретшілер сим­по­зиумы, халықаралық «Парасатты поэзия»,  «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты өнер фестивальдері мен Өзбекстан Республикасында Қызылорда облысының өнер күндері облыс мәдениетінің рухани жетіле түскендігін тағы бір мәрте айғақтады.
Облысымыздағы өнердің қа­ра шаңырағы Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жастар труппасының 9 жас маманы шығармашылық білімдерін жетілдіру мақсатында Орта Азия елдері ішінен тұңғыш рет Ресей Мемлекеттік театр өнері институтында (GITIS) бі­лім жетілдіру курстарынан өтті.                                    
«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының «Жаһандық әлем­дегі заманауи қазақстандық мә­­дениет» жобасы аясында об­­лыстық филармонияның ка­мералық оркестрі түркітілдес елдердің қатысуымен Босния-Герцеговина мемлекетінде өткен классикалық камералық ор­кестр­лер фестивалінде, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі сәуір айында Ғарышкерлер күніне орай Мәскеудің Кремль сарайында жоғары  деңгейде өнер көрсетті.
«Қазақстанның киелі жер­лерінің географиясы» жобасы аясында өткен жылы тарихи-мәдени объектілерінің қорғалуы мен сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да өз жүйесін тапты.
Облыстық бюджет есе­бінен Қышқала, Жанкент, Сы­ғанақ, Сортөбе, Бәбіш мола қа­лашықтарына археологиялық қаз­ба жұмыстары жүргізіліп, облыстық музей қоры құнды экс­понаттармен толықтырылды.
Республикалық бюджет есе­бінен Сығанақ, Жанкент қа­ла­­шықтарына және Қазалы ау­данындағы Ғанибай үйіне қай­та жаңғырту жұмыстары жүр­гізілді.                    
Сонымен қатар, биылғы жы­­лы Ресей музейлері мен ар­хивтерінің қорларында сақтал­ған бірегей деректер негізінде «Хорезм экспедициясының Сыр өңіріндегі зерттеулерінің тарихы» атты кітап-альбомы, өңірдің 189 ескерткіші қам­тылған «Сыр бойының сакралды ескерткіштері: мифтер, аңыз­дар, хикаяттар» атты кітабы шығарылды.
Қазақстанның киелі жер­лерінің географиясы жобасы ая­сында республикалық Қа­сиет­ті Қазақстан ғылыми-зерт­­теу орталығы тарапынан шы­­­ғарылған «Қасиетті Қа­зақстан» кі­табының ІІІ томына Қы­зылорда облысынан 12 жал­пы­ұлттық, 60 өңірлік ма­ңызы бар тарих және мәдениет ескерт­кіштері енгізілді.
Бұл жылы басқарма тарапынан «Village life», «Жыр мұра», «Sacral тур» жобалары  жүзеге асырылды.
Өнердің қара шаңырағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрына  «Академиялық» мәртебесі берілді.
Мәдениет саласы қызмет­керлерінің тынымсыз еңбегі мемлекет, өңір тарапынан баға­ланып, Қаракөз Ақдәу­летова «Құрмет» орденімен, Молдабай Дулатов, Кемеңгер Өтепов «Ерен еңбегі үшін» медалімен, филармония әншісі Үміт Медеу­ова «Құрмет грамотасымен», театр артисі Залипа Төлепова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды. Сондай-ақ, театрдың бас режиссері Хұсейін Әмір-Темір «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атанды.
Облысымыздың мақтаны­шы, ақын Мұқтар Ниязовтың «Айтыстың ақтаңгері» атануы да Сыр жұртын қуанышқа бө­леді.
Мәдениет ошақтарының жай-күйін жақ­сарту бағытында да айтар­лықтай жұмыстар атқа­рылды. Арал, Шиелі аудандары мен Қы­зылорда қаласына қа­расты бір­неше округта жаңа мәдениет нысандары  пайда­лануға берілді.          
Мәдениет саласын келер жылда да Сыр елінің рухани қажетін өтеп, халық мұрасын на­сихаттау, жәдігерліктерді сақ­тау, жарқын болашақтың іргесін бекемдей түсу бағытында еңбек ете бермек.

Дүйсенбек Аяшұлы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз