Қазақстандық «Голос России» вокалдық байқауының жүлдегері болды

904

0

Павлодар қаласындағы музыкалық колледждің екінші курс студенті Диляра Асаинова «Голос России» бүкілресейлік ашық қашықтық вокал байқауында 2 орын алды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, оқытушысы Малика Казмагамбетова өзінің оқушысына дарынның сан қырын ашуға көмектеседі. « Дилара – талантты әнші және мінезі де жақсы. Бала кезінен көру қабілетінде қиындықтар туындағанына қарамастан, үлкен сахнада өнер көрсетіп, көрерменге әдемі өнер сыйлауды армандайды « , – дейді Малика Казмагамбетова.

Ол дарынды студентінің алдағы уақытта талай белесті бағындырып, Қазақстанды әлемдік деңгейде танытады деп үміттенеді.

« Музыка маған өз ойларым мен сезімімді жеткізуге, ал ерекше халық күйлері эмоциялардың тереңдігін түсінуге үйретті. Әсіресе қобыз аспабында ойнағанды ерекше ұнатамын « , – дейді Диляра.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<