Қазақстандық музыканттың туындысы «Грэмми» сыйлығына ұсынылды

1061

0

Қазақстандық Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясына «Грэмми»(Grammy) сыйлығына ұсынылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мені «Грэммиға» ұсынды, бұл өте керемет. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рақмет», – деп жазды әлеуметтік желіде диджей.

Айта кетейік, Иманбек «Грэммиге» ұсынылған алғашқы қазақстандық атанды. Ремикс YouTube-те 117 миллионнан астам рет қаралды.

Мараптты табыстау рәсімі 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді. Номинациялар саны бойынша абсолютті көшбасшы — Бейонсе. Тейлор Свифт, Дуа Липа және Родди Ричтің әрқайсысында алты номинация бар.

Ремикс сыйлығының номинанттары: Phil Good-do You Ever (Rac Mix), Deadmau5 – Imaginary Friends (Morgan Page Remix), Jasper Street Co. – Praying for You (Louie Vega Main Mix), Saint Jhn – Roses (Imanbek Remix), Bazzi – Young & Alive (Bazzi vs. Haywire Remix).

Музыкалық тұрғыдан танылғанға дейін Иманбек Зейкенов Павлодар облысындағы темір жолда жұмыс істеді, ал ремикстерді жасау ол үшін қызығушылық болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<