«Сыр бөбегі» − жеңімпаз

1105

0

Балабақша бүлдіршіндері жүздері бал-бұл жайнап сахнаға шықты. 5-6 жас аралығындағы балалар қала әкімдігі және облыстық «Qyzylorda» телеарнасының ақпараттық қолдауымен өткен «Бал бала» байқауында өнер көрсетті.

         Шарада қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Ниязов, балалар шығармашылығын шыңдайтын байқауларды көбейту қажеттілігін айтты. Аймақта алғаш рет балабақша тәрбиеленушілеріне арналған «Бал бала» байқауының негізін қалап әрі 14 жыл бойы ұйымдастырып жүрген ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері Ләйлә Нәсімхановаға алғыс білдірді.

         Дарынды өрендер патриоттық ән салып, тәуелсіздік тақырыбында көрініс қойды. Олардың өнеріне «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» мекемесінің директоры Э.Қанатбаева, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, білім саласының ардагері К.Ермағамбетова, белгілі хореграф А.Қойшығұлова, «Мереке» ВАА әншісі Ә.Төлегенов және мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ұ.Бекұзақұлы қазылық жасап баға берді.

          Бас жүлдені «Сыр бөбегі» балабақшасының өнерпаздары жеңіп алды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<