«Томирис» фильмінің трейлері Түркияда бір күнде 1 миллион қаралым жинады

368

0

Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдағы оқиғалар жайында сыр шертетін «Томирис» көркем фильмінің ресми трейлері Түркияда бір күнде 1 миллион қаралым жинады.

«Сатайфильм» кинокомпаниясының «Томирис» тарихи фильмінің трейлері шықты. Картина VI ғасырдағы оқиғалар жайында сыр шертеді. Ол кезеңде сақ тайпалары ұлы даланы жаулап алуға келген парсы патшасы ІІ Кирге ойсырата тойтарыс береді. Фильмде сақ түріктерінің әйел билеушісі Томирис Хатунның өмірі көрсетіледі», деп жазды Түркиялық сарапшы Күршад Зорлу өзінің Туиттердегі парақшасында.

Еске сала кетейік, сақ патшайымы жайындағы «Томирис» тарихи жобасы 2017 жылдың сәуір айында басталды. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Сатайфильм» кинокомпаниясы түсірді.  

Бас продюсер – Әлия Назарбаева. Фильмнің қоюшы режиссері – Ақан Сатаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<