191-пәтер кілті қармақшылық жалғызбасты анаға бұйырды

375

0

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі пәтерге» әлеуметтік жобасы аясында республика бойынша 191-пәтер кілті қармақшылық жалғызбасты анаға бұйырды.
ҚМДБ-ның облыс бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, қайырымдылық қорының өкілі О.Жидебаев жұртшылықты алдағы Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа пәтердің кілтін көпбалалы анаға табыстады.
ҚМДБ-ға 30 жыл толуына орай «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» ұранымен ұйымдастырылған сауапты шара қайырымдылық акциясына ұласты. Акцияда бас имам жиылғандарға елдегі ахуалға байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, тазалық талаптарын сақтауға шақырды. Сөз соңында аудандағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған мұқтаж отбасыларға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік үлестірді.
Бас имам ауданға сапары кезінде сондай-ақ Төретам кентіндегі жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<