Аралда карантин талаптарын сақтауға назар аударылды

920

0

Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов мобильді топ мүшелерімен және қоғам белсенділерімен бірге бірқатар нысандарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Алдымен мектептер мен балабақшаларда болған мобильді топ санитарлық талаптарға сәйкес ғимараттың дезинфекциялық өткел, антисептикалық құрылғылар мен кварц шамы секілді қажетті заттармен қамтамасыз етілуін тексерді.


Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің басшыларына кезекші сыныптар мен топтарда бетперделік режим мен арақашықтықтың сақталуын, сынып бөлмелерінің жиі желдетіліп тұру қажеттігін ескертті.


Одан соң мобильді топ сауда орталықтарында болып, кәсіпкерлерге ғимарат ішін жиі дезинфекциялап, қызметкерлердің міндетті түрде қорғаныш қолғаптары мен бетперде тағып жұмыс жасауын айтып, келушілерге де осындай талаптарды қоюды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<