«Астана» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы тағайындалды

434

0

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапанов «Астана» футбол клубы Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған дейін, Ерлан Тоқтарханұлы Қазақстан футбол федерациясының президенті, «Астана» Президенттік кәсіпқой клубының басшысы, Мәдениет және Спорт вице-министрі лауазымды қызметтерін атқарған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<