Қазалы ауданының әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады

289

0

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйінде болып,майдангерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтады. Отан үшін от кешкен қарияларға денсаулық, амандық тілеп, арнайы сыйлық табыс етті.
Жалпы, Қазалы ауданынан 10770 азамат майданға аттанса, 6229 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күнде – 5 ардагер: Пірназар Мырзатаев, Тілеуберген Тобабергенов, Қалеп Бектұрғанов, Лепес Әуесбаев, Қабақ Смағұл аталарымыз арамызда. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<