Қажет көмір қоры жеткізілуде

349

0

Алдағы жылу беру маусымына тұрғындарға қажетті көмір қоры – 207,1 мың тонна. Қазіргі таңда тұрғындарға жеткізілетін көмір қорының кестесі әзірленіп, маусым айынан бастап Қарағанды облысының Шұбаркөл, Шығыс Қазақстан облысының Қаражыра және Павлодар облысының Екібастұз, Майкөбен көмір өндірушілерінен теміржол арқылы тасымалдануда. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді. 
Бүгінгі күнге тұрғындардың мұқтаждықтарына қажетті көмір отынының 25% немесе 51,9 мың тоннасы жеткізілді. Сондай-ақ, облыс аумағында жүк автокөліктері үшін тұрақтары мен жабдықталған алаңдары бар 36 көмір жинақтау орындары қалыптастырылған. Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 5, аудандарда – 31.
Бұдан басқа, басқарма тарапынан, көмір тапшылығын болдырмау мақсатында, қажетті іс-шаралар қолға алынып жатыр. Біріншіден, көмір тапшылығын болдырмау және қолайлы бағада алу үшін тұрғындарға осы кезден бастап қамдану қажеттілігі жөнінде әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына хабарламалар берілді. Көмір тапшылығы салдарынан бағаның өсуін, яғни ортадағы делдалдықты болдырмау мақсатында, көмір өндіруші мекемелермен тікелей келісім шартқа отыру бойынша кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<