Білім және ғылым вице-министрі – Қызылордада

214

0

Бүгін Білім және ғылым вице-министрі А.Аймағамбетов Президент Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапарында ҚР Білім және ғылым вице-министрі бірқатар білім беру ұйымдарында болып, жұмыс барысымен танысты. Ең әуелі, облыстың техникалық және кәсіптік білім беру саласынындағы тың жаңалықтар танысу бағытында «Абылайхан» атындағы жоғары колледжінде болды, бұдан кейін облыстық дарынды балаларға арналған №4 мектеп-интернатының оқу-тәрбие жұмысымен танысты.

Қызылорда облысының білім саласы қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылды. Биылғы жылғы Елбасы Жолдауында білім саласы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, ұстаздар мен білім алушылар үшін жаңалықтарға толы жыл болды. Кездесу мақсаты – Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын білім саласы бойынша мәселелер, қазақстандық білім жүйесіндегі өзгерістер жөнінде облыстың білім және ғылым саласы қызметкерлерімен талқылау.

Сонымен қатар, Білім және ғылым вице-министрінің қоғамдық қабылдау өткізуі жоспарланған.