ДДСҰ пандемия неге созылып кеткенін айтты

935

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясының неге созылып кеткенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасай отырып.

Пандемияға қарсы әрекет ету тақырыбындағы дәрісте ДДСҰ басшысы 8 желтоқсанда «COVID-19-ға қарсы вакцина қолданылғанына» 1 жыл болғанын еске салды. Оның айтуынша, барлығы бір жылдан кейін пандемия аяқталатынына сенді, соған үміттенді. Алайда пандемияны аяқтау үшін вакцина, диагностикалық және емдік құралдар, басқа да маңызды құралдар тең бөлінбегендіктен, пандемия күткеннен әлдеқайда ұзақ уақытқа созылып кеткен.

Гебрейесустың айтуынша, қазір «әлем пандемия жағдайында», ал өлім саны үш еседен де асып түсті. Ол пандемия әлемдік деңгейде денсаулық сақтау саласына қатысты теңсіздіктерді анықтағанын атап өтті.

«Омикрон штамының пайда болуы жетістіктерімізге нұқсан келтіреді. Жаңа емдеу әдістерін әзірлеу COVID-19-дың алдын алуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бірақ миллиондаған адамды вакцинадан айырған жаңа құралдарға әділетсіз түрде қол жеткізе алмаймыз», – деп толықтырды ДДСҰ басшысы.

Гебрейесус ел үкіметтерін жаңа омикрон штамына қарсы ұлттық пандемия жоспарларын қайта қарауға, сондай-ақ, аурудың таралуын азайту және вакцинациямен қамтуды жеделдету бойынша шараларды күшейтуге шақырды.

«Тағы қанша адамның өмірін жоғалтатынымыз бүкіл әлем бойынша вакцинаға, сынаққа және емдеуге әділ түрде қолжетімділікті қаншалықты жылдам қамтамасыз ете алатынымызға байланысты», – деп қорытындылады ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<