Елордада «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі өтті

597

0

Бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде «Егемен Қазақстан» республикалық газеті дайындаған «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.


«Егемендік және Елбасы» атты фотокөрмеге Шүкір Шахай, Игорь Бургандинов, Юрий Беккер, Орынбай Балмұрат және Ерлан Омаров сияқты белгілі фотожурналистер түсірген 50 фотосурет қойылды.


Бұл фотосуреттер егемендік жолында ел тарихына енген айтулы оқиғалар мен айшықты сәттермен қамтылған. Әр сурет – жеке бір тарих. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жүктелген зор сенім мен міндеттердің ақталу кезеңдері бейнеленген туындылар жұртышылыққа фотожурналистердің көзімен ұсынылды.
Айта кетсек, шара аясында «Егемен Қазақстан кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Ел және Елбасы» кітабының таныстырылымы өтті.


Аталған жинаққа еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» беттерінде жарияланған, Елбасының мемлекет қалыптастырушы ретіндегі жеке тұлғалық әрі қайраткерлік қырларын ашатын, тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін мақалалар топтастырылған. Кітаптың авторлары – жинаққа енген тарихи оқиғаларды өз көзімен көрген куәгерлер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<