Инвестицияның 80 проценті кәсіпорындар үлесінде

297

0

Өткен жыл қорытындысымен жалпы экономикалық дамудың 7 көрсеткіші бойынша Қызылорда үздік 8 облыстың қатарына енді. Бұл туралы облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтылды.

Мұны жыл басында Президент төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Асқар Мамин атап өтті. Оған негіз боларлық бір көрсеткіш, былтыр облыс экономикасына 400 млрд теңгеден астам инвестиция салынды. Бұл 2018 жылға қарағанда 17,4 процентке артық.

– Инвестициялар өсімінің қарқыны бойынша жоғары өсу динамикасы бар үздік 4 өңірдің қатарындамыз. Бұл – біз бен сіздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Өсім мемлекеттік бюджет қаражатының емес, кәсіпорындардың өз қаражатының негізгі капиталына салымдардың өсімі есебінен қамтамасыз етілді. Бүгінде барлық инвестицияның 80 проценті солардың үлесінде, – деді аймақ басшысы.

«СБ»-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<