Лионель Месси коронавирус жұқтырды

691

0

Фото: ашық дереккөз

«Пари Сен-Жермен» клубының аргентиналық футболшысы Лионель Месси коронавирус жұқтырды. Француз клубы ақпаратты сайтында растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лео Месси, кіші Неймар, Хуан Бернат, Серхио Рико және Натан Битумазалдың коронавирусқа қарсы тест нәтижесі оң болып шыққан.

«Қазір олар оқшауланды және денсаулық туралы хаттамаға бағынады», – делінген клубтың сайтында.

Кіші Неймар 9 қаңтарға дейін емді Бразилияда медицина қызметкерлері қарауында және «Пари Сен-Жермен» командасының қызметкерлерімен бірге жалғастырады. Ол шамамен 3 аптадан кейін жаттығуға оралуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<