Облыс әкімінің орынбасары «Қайсар» футболшыларымен кездесті

850

0

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен кездесті.


Кездесуге клуб директоры, команданың бас бапкері және «Қайсар» командасының барша құрамы қатысты.
Сөз басында Қайрат Ырзақұлұлы барша жиынға қатысушыларды биылғы маусымдағы алғашқы ойындағы жеңісімен құттықтады. Ол өз кезегінде әр футболшымен жеке-жеке танысып, олардан Сыр халқы үлкен үміт күтетінін айтты.


Сонымен бірге, кездесу барысында команда капитаны Мақсат Байжанов «Қайсардың» маусымға дайындығын пысықтап, биылғы маусымда жетістікке жету үшін барынша күш салатынын айтты.


Облыс әкімінің орынбасары өзінің бұрыннан командаға жанкүйер екендігін айтып, шет елдерде жүргенде осы футболға қатысты басынан өткен қызықтарымен бөлісті.


Алдағы 12-сәуірде Қазақстан кубогының ІІ кезеңі аясында Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда «Жас Сұңқар» командасы мен «Қайсар» арасындағы ойын өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<