Облыстық жастар форумы

418

0

Бүгін Қызылордада облыстық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» атты облыстық жастар форумы өтті. Форум жұмысына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Аймақ басшысы мемлекеттің қозғаушы күші саналатын жастарға үлкен үміт, зор жауапкершілік артылатынын айта келе, осы орайда оларға барынша қолдау көрсетіле беретінін жеткізді.
– Сыр өңірінде жастарды қолдау жылдан жылға артып келеді. 2017 жылдан бастап Сырдария өзенінің сол жағалаудағы жаңа қаланың құрылыс алаңдарына шығып, түрлі ғимараттар салып жатқанымызды білесіздер. Қазіргі таңда сол жағалауда «Болашақ» университетінің кампусы және ІТ-саябағымен Жастар ресурстық орталығы салынуда. Алдағы уақытта Неке сарайының да құрылысын бастайтын боламыз, – деді Қырымбек Көшербаев.
Форум барысында «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Талғат Тілес және әртүрлі салада танылып жүрген бірқатар жас сөз сөйледі.
Аудандардан, Байқоңыр және Қызылорда қалаларынан келген делегаттар 5 бағыт бойынша сессия жұмысына қатысты. Сессия қорытындысында облыстық «Жас Отан» жастар қанатының 2021 жылға дейінгі жол картасы қабылданды. Шара «Жайдарман» сайысына жалғасты. Онда облыстық жоғарғы лиғадағы 9 команда бақ сынады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<